"Барселона" Испания кубогының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
"Барселона" Испания кубогының жартылай финалына шықты
Фото ©️ barcelona.net

"Барселона" Испания кубогының ширек финалында "Реал Сосьедад" командасын 5:2 есебімен ұтып, Испания кубогының жартылай финалына шықты.

"Камп Ноу" стадионында өткен ойында алаң иелері Сан-Себастьяннан келген қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Каталондық клуб сапынан Денис Суарес дубль авторы атанса, Лионель Месси, Луис Суарес пен Арда Туран бір-бір голдан соқты. Ал "Реал Сосьедад" сапынан Хуанми мен Виллиан Жозе гол авторлары атанды.

БӨЛІСУ

Айта кетейік, қос клуб арасындағы бірінші ойында да "Барселона" басым түскен еді. Ол ойында Неймар соққан гол "блаугранаға" жеңіс сыйлаған.