Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды
Фото: kff.kz

Швейцарияның Ньон қаласында жастар арасында 2019 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан жастар құрамасы тоғызыншы топқа түсті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы Франция, Словения, Черногория, Болгария және Люксембург жастарымен бір топқа түсті.

Іріктеу тобының тоғыз жеңімпазы Италияда өтетін финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал, екінші орын алған төрт үздік команда өзара екі жолдаманы сарапқа салады. Іріктеу турнирі наурыз айында басталады. 

Жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу тобы: 

1-топ: Чехия, Хорватия, Грекия, Молдова, Беларусь, Сан-Марино
2-топ: Испания, Словакия, Исландия, Албания, Эстония, Солтүстік Ирландия
3-топ: Дания, Польша, Финляндия, Грузия, Литва, Фарер аралдары
4-топ: Англия, Нидерланд, Украина, Шотландия, Латвия, Андорра
5-топ: Германия, Израиль, Норвегия, Ирландия, Әзірбайжан, Косово
6-топ: Швеция, Бельгия, Түркия, Венгрия, Кипр, Мальта
7-топ: Сербия, Австрия, Ресей, Македония, Армения, Гибралтар
8-топ: Португалия, Швейцария, Румыния, Уэльс, Босния және Герцеговина, Лихтенштейн
9-топ: Франция, Словения, Черногория, Болгария, Қазақстан, Люксембург

Владимир Никитенко жаттықтыратын біздің құрама алғашқы ойында 28 наурыз күні сырт алаңда Люксембург құрамасымен өткізеді. Өз алаңымыздағы алғашқы ойын 1 қыркүйекте өтеді. Бұл күні біздің жастар Черногория футболшыларын қабылдайды. 

Еуропа чемпионаты - 2019. Іріктеу тобы. Ойын кестесі.

28.03.2017. Люксембург — Қазақстан
13.06.2017. Черногория — Қазақстан
01.09.2017. Қазақстан - Черногория
05.09.2017. Франция — Қазақстан
06.10.2017. Болгария — Қазақстан
10.10.2017. Қазақстан — Болгария
23.03.2018. Қазақстан — Франция
27.03.2018. Қазақстан — Люксембург
07.09.2018. Қазақстан — Словения
11.09.2018. Словения - Қазақстан

Ө. Сансызбай