"Астана" беларусь жартылай қорғаушысымен толықты

О Сансызбай Корреспондент
"Астана" беларусь жартылай қорғаушысымен толықты
Фото ©️ Readfootball

"Астана" футбол клубының қатары Беларусь ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Маевскиймен толықты. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Жартылай қорғаушы елордалық клубтың Біріккен Араб Әмірлігіндегі оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Иван Маевский соңғы екі маусымда Махачкаланың "Анжи" клубында ойнаған. 2015 жылдан бері Беларусь ұлттық құрамасына шақыртылып келеді. 12 ойынға қатысқан.

Футболшы алаңда орталық жартылай қорғаушы және қорғанысқа да көмектесе алатын ойыншы шебінде ойнай алады. Осыған дейін "Вертикаль" (2008-2009, Беларусь), "Партизан" (2009-2013, Минск, Беларусь), "Минск ФК" (2012-2014, Беларусь), "Завиша" (2015, Польша) және "Анжи" (2015-2016, Ресей) клубтарында ойнаған.