Қазақстан жастары «Гранаткин мемориалы» турнирінде екінші орын алды

Қазақстан жастары «Гранаткин мемориалы» турнирінде екінші орын алды
Фото: vesti.kz

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U19) «Гранаткин» мемориалы турнирінің финалында Ресей құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде күміс жүлдені қанағат тұтты.

Финалдағы ойын тартысты өтті. Өз тарихында алғаш рет финалғаа шыққан отандастарымыз намысты қолдан бермеуге тырысты. Ал өз алаңында жеңілмеуді мақсат тұтқан ресейліктер де барын салды. 27 минутта Никита Поляковтың тепкен добы қақпадан тура табылып, есеп ашылды. Одан кейінгі аралықта алаң иелері есепті еселеуге, Қазақстан жастары таразы басын теңестіруге тырысқанмен, нәтиже шықпады. 1:0 есебі сақталып қалды.

Қазақстан жастар құрамасы «Гранаткин мемориалы» турнирінде алғаш рет финалға шықты. Алғаш рет жүлделі орыннан көрінді. Осыған дейінгі нәтижелеріне көз жүгіртер болсақ, 2012 және 2014 жылы соңғы орын алса, 2015 жылы 10-орынға тұрақтаған.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет  үздік шабуылшы атағына ие болды. Ал, Қазақстан құрамасының капитаны Айдос Орал үздік жартылай қорғаушы аталымында үздік деп танылды. 

Қазақстан U19 - Ресей U19 - 0:1

Голдар:  Поляков 27

Ескертулер: Кусяпов 35 - Вебер 35, Каккоев 36, Евгеньев 52, Поляков 74.

Қазақстан U19: Устименко, Аманжол, Батырханов, Кузнецов, Кусяпов, Жақсылық (Скворцов 62) , Астанов (Құдайбердінов), Кан, Орал, Сүйінов (Тұзақбаев), Сейдахмет.

Ресей U19: Ломаев, Евгеньев, Каккоев, Поляков, Поярков, Уткин, Вебер, Глушенков, Глушков (Яковлев 59), Лацевич (Денисов 80), Цыпченко.

Төрешілер: Сиденков, Рунов, Семенов, Зияков (барлығы - Ресей)

21 қаңтар 2017 жыл, Санкт-Петербург, 6500 жанкүйер

Айта кетейік, «Гранаткин турнирі» ФИФА-ның бірінші вице-президенті Валентин Гранаткиннің құрметіне 1981 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жарысқа 16 команда қатысады. 

Ө. Сансызбай