Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғашы жаттығу жиынын бастады

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғашы жаттығу жиынын бастады
Фото: vesti.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы 2017 жылғы алғашқы жаттығу жиынына кірісті. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

- 12 күнге созылатын жаттығу жиынын бастап кеттік. Жаттығу жиынына ерлер де, әйелдер құрамы да шақыртылды. Сондай-ақ өткен жылы Жапония мен Малайзияда өткен халықаралық турнирлерде жақсы қырынан танылған жастар мен жасөспірімдер де жаттығуға жиналды, - деді ұлттық құрама жаттықтырушысы Юрий Мельников.

Ерлер құрамасы ерлер құрамасы Шымкент қаласындағы «Арлан» спорттық жекпе-жек ойындары орталығында, әйелдер құрамасы Алматы облысындағы «AIBA» академиясында жаттығады.

Ө. Сансызбай