Универсиадада жүлде алған қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алады?

Универсиадада жүлде алған қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алады?

Қазақстанның спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматыда өтетін Универсиада ойындарында топ жарған қазақ спортшылары қандай көлемде сыйақы алатынын жариялады - деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Министрдің мәліметі бойынша Универсиада ойындарында топ жарып, бірінші орын алған қазақстандық спортшы 4,9 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы алады. Ал, екінші орын үшін - 3,3 миллион теңге, үшінші орын иемденген спортшыға 1,6 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар топ жарған спортышлардың жаттықтырушыларына да әр түрлі көлемде сыйақы қарастырылған. 

Айта кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Жарыс бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 миллиард адам теледидар арқылы тамашаламақ.

Ө. Сансызбай