Галбадрах Отгонцэцэг Парижде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысады

Галбадрах Отгонцэцэг Парижде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысады
Фото: fdk.kz

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг 11-12 ақпан күндері Франция елінің астанасы Парижде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысады. Ол ұлттық құрамада қыздар арасында қатысатын жалғыз спортшы.

Париждегі «Үлкен дулыға» турниріне ерлер арасында Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Асхат Тельманов (60 келі), Мейіржан Қалтаев (66 келі), Мәуленин Әбілхайыр (66 келі) және Елдос Жұмаханов (73 келі) қатысады.

Айта кетейік, бүгін Галбадрах Отгонцэцэг тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған арнайы медальмен марапатталды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы, «Тассай» шағынауданында орналасқан «БИІК» спорт кешенінде дзюдодан әйелдер және ауыр атлетикадан ерлер арасындағы ҚР Ұлттық құрамаларымен кездесті, - деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жиын барысында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев биыл республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын облыс спортшыларының дайындығы туралы баяндады. «БИІК» спорт кешенінің жұмыстарымен танысқан Жансейіт Қансейітұлы Бризилияда өткен ХХХІ Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен дэюдо күресінен әйелдер арасындағы қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен марапаттады.

Ө. Сансызбай