Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық боксшы Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады. Жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бірінші жекпе-жегінде қытайлық боксшы Гуаньжи Женді жеңді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек Қытай жерінде өтті. Шанхайдағы кәсіпқой бокс кешінде кездесу төрт раундқа созылып, отандасымыз ұпай айырмасымен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мирас Жақыпов Өскемен қаласының тумасы. Бокс пен кикбокстан Қазақстан чемпионы. 2012, 2014 және 2015 жылдары «Astana Arlans» командасы сапында 6 жекпе-жек өткізді. 4 рет жеңіске жетіп, 2 кездесуінде жеңілген.