Алматыдағы қысқы Универсиада алауын ұстаушылар анықталды

Алматыдағы қысқы Универсиада алауын ұстаушылар анықталды
Фото: vk.com

2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматыда өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында алау ұстаушылардың құрамы анықталды. 

Алау эстафетасына қатысатын Қазақстанның барлық 16 қаласы Универсиада алауын көтеру құрметіне лайықты тұлғалардың есімін анықтады. Мың алау көтерушінің 70%-ын ғылым, мәдениет және спорт саласында жетістіктерге жеткен 17-28 жас аралығындағы студенттер құрап отыр.

Сондай-ақ, спорт пен қоғамдық өмірде еңбек сіңіріп жүрген Қазақстанның ең белсенді азаматтары да алау көтеруші құрметіне ие болды. Олардың қатарында грек-рим күресінің 1980 жылғы олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, бокстан 2000 жылғы олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов, 1988 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Дәулет Тұрлыханов, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай, жүзуден 2016 жылғы олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаева, сондай-ақ, түрлі жылдары Қазақстанға жеңістерді сыйлаған тағы да басқа көптеген спортшылар бар.

Оңтүстік Қазақстан облысы 

1. Жазира Жаппарқұл 2. Сәлима Бейсенғалиева 3.Мұқағали Жақсыбайұлы 4. Әбдразақова Айжан Әбдубахабқызы 

Қызылорда облысы 

1. Өндрей Жандәулет Тыныштықбайұлы 2. Төреғали Төрәлиұлы Әлиханов 3. Мұхтар Мәуленұлы Ниязов 4. Мөлдір Берікқызы Жаңбырбай 

Алматы облысы 

1.Жәнібек Әлімханұлы 2. Нұрмахан Тынәлиев 3. Раушан Қойшыбаева 4. Ибрагим Берсанов 5. Карина Горичева 

Ақмола облысы 

1.Осипова Татьяна Андреевна 2. Дастан Толыбайұлы Рақымжанов 3. Данияр Рымбекұлы Аманжол 4. Тимур Маратұлы Искаков 5. Дина Жоламанқызы Жоламан 

Шығыс Қазақстан облысы 

1. Сухоносов Федор Андреевич 2. Кудрявцев Сергей 3. Сутягин Владислав Вительевич 4. Анар Ербосынқызы Жасықбаева 5. Дамир Әкімов 

Маңғыстау облысы 

1. Берік Есенұлы Әбдрахманов 2. Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов 3. Бегзат Жалғасбайұлы Нұрдәулетов 4. Ғабит Советбайұлы Назарбеков 2016 жылы волейболдан чемпион атанған. 5. Әлберген Нұрсұлтанұлы Аманқос 

Қостанай облысы 

1. Шлиммер Кристиане 2. Дычко Иван Федорович 3. Кангаш Илья Анатольевич 4. Тұрсынай Тұрарқызы Қабыл 5. Сапар Аманжолұлы Тұманов 

Қарағанды облысы 

1. Абылайхан Жүсіпов 2. Жансая Ерғанатқызы Жарылғасынова 3. Чижиков Александр Александрович 4. Айнұр Ермекқызы Байкенова 5. Лисичкина Варвара Павловна 

Павлодар облысы 

1. Роксана Жанатқызы Оспанова 2. Федькович Дмитрий Алексеевич 3. Зура Мұхтарқызы Қалипенова 4. Әлия Қаһарманқызы Төлегенова 5. Валиев Роман Газизович 

Атырау облысы 

1. Қайырберді Жұмасейтұлы Айдынбай 2. Айғаным Ғаниболатқызы Ихсанова 3. Ерсайын Әділжанұлы Идеятов 4. Сайда Ерланқызы Қапсалықова 5. Дәулет Қанатұлы Елемесов 

Астана 

1. Мадияр Сандыбайұлы Ибраимбеков 2. Мөлдір Ерланқызы Мекенбаева 3. Ұғылай Сұлтанқызы Тешабаева 4. Динара Рамазанқызы Сәдуақасова . 5. Данияр Маратұлы Елеусінов 

Батыс Қазақстан облысы 

1. Ларионова Екатерина Алексеевна 2. Репина Полина 3. Шейко Георгий 4. Ергучев Андрей Андреевич 5. Дергунов Алексей 

Солтүстік Қазақстан облысы 

1. Заякин Руслан Сергеевич 2. Райымбек Абайұлы Алпысов 2. Головин Артем Владимирович 3. Баталов Алексей Викторович 4. Назгүл Маратқызы Маратова 

Тараз 

1. Әйгерім Аманжолқызы Мұратәлі 2. Бейбіт Әбдрахманұлы Ыстыбаев 3. Елдос Бақтыбайұлы Сметов 4. Олжас Көсемәліұлы Сәттібаев 5. Назгүл Жаңабекқызы Әбітаева 

Ақтөбе облысы 

1. Харки Фархад Ибрагимұлы 2. Рустам Аманжолұлы Ибраев 3. Алишер Нұрланұлы Сағынтаев 4. Айбек Борисұлы Қамзенов 5. Ринат Сансызбайұлы Сағындықов 

Алматы 

1. Жақсылық Үшкемпіров 2. Ермахан Ибрайымов 3. Дәулет Тұрлыханов 4. Назым Қызайбай 5. Баландин Дмитрий

Ө. Сансызбай