Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Универсиаданың "Алау сақтаушылары" колбаны ұшақпен қауіпсіз тасымалдау жолдарын үйренді

Универсиаданың "Алау сақтаушылары" колбаны ұшақпен қауіпсіз тасымалдау жолдарын үйренді

Универсиаданың

2017 жылдың 10 қаңтары - Алматыда Air Astana әуекомпаниясының өкілдері Қысқы универсиаданың "Алау сақтаушыларына" арнап оқу семинарын өткізді. Техникалық мамандардан құралған арнайы топ Универсиада алауын сақтайтын колбаны эстафета кезінде бүкіл Қазақстан арқылы тасымалдауға көмектесетін болады. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.

Осы семинар алау сақтайтын колбаны ұшақпен қауіпсіз тасымалдау жолдарына арналды. Топ мүшелері ұшақпен тасымалдау кезінде жолаушылар салонында арнайы құралдар көмегімен колбаны қалай дұрыс бекіту қажет, төтенше оқиғалар кезінде қандай қадамдар жасау керек екенін үйренді. Семинарды өткізу үшін Air Astana компаниясы ұшақ салонына ұқсатып салынған арнайы бөлмені ұсынды.

Универсиада алауы арнайы колбада немесе "Дэви шамында" тасымалданады. Дэви шамы 19 ғасырда Анлияда жасап шығарылып, шахтада жұмыс жасау кезінде қолданылған. Қазіргі заманғы Дэви шамының жезден жасалынған берік металл корпусы, отынға арналған герметикалық бөлігі және отқа жанбайтын шынысы болады. Шамның жоғарғы бөлігінде газ шығып кеткен жағдайда оттың таралуына жол бермейтін арнайы тор орнатылған. Осы шам көмегімен 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы олимпиаданың алауы тасымалданған болатын.

- Қазақстанның әрбір өңіріне және Астана қаласына біз осындай шамның біреуін жібереміз, оның көмегімен Универсиада алауын Алматыға жеткіземіз. Алау өңірлерде тұтатылады, Универсиаданың ашылу салтанатын осы алаумен өткіземіз, - деді Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алау эстафетасының техникалық маманы Сергей Вьярд.

Универсиада «Алау сақтаушылары» - арнайы іріктеуден және дайындықтан өткен, эстафета кезінде Универсиада алауын тасымалдап, онымен ілесе жүретін топ. Өткізілген семинарға 15 адам қатысты, олардың әрқайсысы алау эстафетасын өткізу үшін Қазақстанның түрлі аймақтарына жіберіледі. «Алау сақтаушылар» тобына спортпен шұғылданатын әртүрлі университеттердің студенттері кірді.

Әрбір облыс орталығы, Астана және Алматы қалалары аймақтағы ең ірі жоғарғы оқу орнында Алауды тұтатуға арналған өз салтанатын өткізетіні белгілі. Өңірдің ең үздік студенті алауды Алматыға жеткізіп, Универсиаданың ашылу салтанатының шарықтау сәтінде 16 облыстан әкелінген алаудың барлығы бір уақытта біріктірілетін болады.

Айта кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады.Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 млрд. адам теледидар арқылы тамашаламақ.

191 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 11 қаңтар, 16:36
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...