Қанат Ислам АҚШ-қа аттанды

Қанат Ислам АҚШ-қа аттанды
Фото: vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Америка Құрама Штаттарына аттанды. Отандасымыз кезекті жекпе-жегіне дайындалатын болады. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

- Қанат келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды. Жақын күндері қарсыласы мен жекпе-жек өткізетін уақыты белгілі болады, - деп хабарлады боксшының баспасөз хатшысы Берік Сұлтан.

Кеше ғана Қанат Ислам мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін екені туралы хабарланған еді. Бұл ақпаратты Берік Сұлтан құпия сақтап, қысқа қайырды.

- Қазір бұл туралы ештеңе айта алмаймыз. Қанат АҚШ-қа кезекті жекпе-жегіне дайындалу үшін аттанды, - деді.

Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне жаңа үлгідегі шортымен шығады. 

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-та өткізуі мүмкін деп хабарланған еді. Ал қарсыласы – канадалық боксшы Брэндон Кук болуы мүмкін деген-ді. Канадалықпен келіссөздер жүргізіліп жатқаны жазылған болатын.  

Ө. Сансызбай