Бұзақылар Мессидің Буэнос-Айрестегі ескерткішін қиратып кетті

Бұзақылар Мессидің Буэнос-Айрестегі ескерткішін қиратып кетті
Фото: sports.ru

Бұзақылар танымал футболшы Лионель Мессидің Буэнос-Айрестегі ескерткішін қиратып кетті. Олар қойылғанына 6 ай ғана болған қола мүсінді қақ ортасынан бөліп тастаған.

Қазіргі таңда Буэнос-Айрес қаласының басшылығы ескерткішті қалпына келтіруге сөз беріп отыр. Ескерткіш жақын уақытта қалпына келтірілмек.

Айта кетейік, Лионель Месси үшін 2016 жыл табысты бола қоймады. Аргентинада жыл спортшысы атана алған жоқ. "Алтын доп" пен ФИФА таңдауы бойынша "жыл спортшысы" атана алмады. Сондай-ақ соңғы уақытта Аргентинада футболшыға қатысты сындар көп айтылуда.

Ө. Сансызбай