«Астана» бірінші оқу-жаттығу жиынын БАӘ-де өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
«Астана» бірінші оқу-жаттығу жиынын БАӘ-де өткізеді
Фото ©️ vesti.kz

«Астана» футбол клубы маусым алдындағы бірінші оқу-жаттығу жиынын Біріккен Араб Әмірлігінде өткізеді. Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Команда ойыншылары демалыстан кейінгі бірінші оқу-жаттығу жиынында физикалық дайындықтарын қалпына келтіретін болады. Жиналу уақыты қаңтар айының соңына жоспарланған.

«Астананың» бірінші оқу-жаттығу жиынына командаға жаңадан қосылған футболшы Аздран Лулаку да барады. Сондай-ақ жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген де бар. БАӘ-де командаға Берік Шаихов қосылатын болады. Ол өткен маусымда Талдықорғанның «Жетісу» клубында уақытша ойнаған еді.