Асұлан Тоқтарбаев әлем чемпионын жерге қаратты

Асұлан Тоқтарбаев әлем чемпионын жерге қаратты

Еліміздің "Алаш прайд" атты жекпе-жек клубының капитаны Асұлан Тоқтарбаев Токиода болып өткен әлемдік Гран-при сынында жергілікті кикбоксингтен және ММА-ның “ZST” тұжырымы бойынша қазіргі таңдағы үш дүркін әлем чемпионы Кейсуке Фудживарадан басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша, барлық төрешілер жеңісті қазақстандық файтер "Арыстан" лақап атымен танымал Асұлан Тоқтарбаевқа ұстатты.

Естеріңізге сала кетсек, Тоқтарбаев Еуразияда панкратионның "ISCP" тұжырымы бойынша, халықаралық ережесіз кездесулердің "Жекпе-Жек" түрінен, халықаралық аралас жекпе-жектің ММА "Гран-при RIVIERA" тұжырымдары бойынша, сондай-ақ ММА Bushido FC (2011 ж) бойынша да әлем чемпионы болып саналады.

сурет: alaman.kz

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Б. Қосмағамбет