Қазақстан жастар құрамасы Гранаткин турниріне дайындықты бастады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасы Гранаткин турниріне дайындықты бастады
Фото ©️ kff.kz

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғардағы ұлттық құраманың базасында Гранаткин мемориалына дайындықты бастады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

ФИФА-ның құрметті вице-президенті Валентин Гранаткинді еске алуға арналған Халықаралық турнир 8-21 қаңтар аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді.  Қазақстан құрамасы «С» тобында Литва, Әзірбайжан және Словакия құрамаларымен кездеседі.

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі:

Қақпашылар: Адашбек Әбдіразанов («Ордабасы»), Владислав Сазонов («Ертіс»), Әли Янтижанов («Қайрат»)

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Талғат Кусяпов («Астана»), Сағи Совет («Астана»), Самат Бортай («Ордабасы»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Ерасыл Аманжолов («Атырау»), Айбар Нұрдалиев («Қайрат»), Данил Кузнецов («Ертіс»), Санжар Батырханов («Жетісу»).

Жартылай қорғаушылар: Айдос Орал («Шахтер»), Жанәлі Пайруз («Шахтер»), Дарын Сүйінов («Қайрат»), Нұралы Әліп («Қайрат»), Сағыныш Серіков («Қайрат»), Батыр Құдайбердінов («Ертіс»), Гаврил Кан («Тараз»), Мұхит Жақсылық («Ордабасы»), Әліби Тұзақбаев («Қайрат»)

Шабуылшылар: Сұлтан Астанов («Қайрат»), Сұлтан Астанов («Қайрат»), Жәнібек Байтұрсынов («Қайрат»), Марлен Айманов («Қайрат»), Владислав Квон («Еңбек»).

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын бүгіннен бастап Александр Кузнецов жаттықтырады. Қазақстандық бапкер осы уақытқа дейін 17 жасқа дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып қызмет атқарған.

Ал Қазақстан (U19) құрамасын осы күнге дейін қазақстандық маман Серік Әбдуәлиев жаттықтырып келген еді.