Балалар және жасөспірімдерге арналған қысқы спорт фестивалі өтеді

Айымгүл Оралқызы Корреспондент
Балалар және жасөспірімдерге арналған қысқы спорт фестивалі өтеді
Фото ©️ vk.com

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 20 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қысқы балалар және жасөспірімдер спорт фестивалін өткізді.

БӨЛІСУ

Шараны ұйымдастырушылар – "Әлеуметтік Қор-Олимпионик" әлеуметтік қоры мен ҚР шаңғы жарысы Ұлттық Федерациясы.

Тұңғыш балалар және жасөспірімдер қысқы спорт фестивалі өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстану және қысқы спорттық ойындарға әуес болуды насихаттайды.

Қысқы спорт фестиваліне 250-ден астам жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен тұрмысы төмен отбасы балалары қатысады.

Балалар және жасөспірімдер қысқы спорт фестивалінің ашылу салтанатына Қазақстанның спорт майталмандары қатысты. Сонымен қатар, олар балаларды жаттықтырып, шеберлік сыныптар өткізеді.

Тым жас қатысушылар арасында таудан сырғанау мен ең үздік аққала соғудан жарыс ұйымдастырылды.

Қысқы балалар және жасөспірімдер спорт фестивалінің өтетін орны: Қарағанды трассасы бойындағы “Ақбозат” ойын-сауық кешені. Фестивальге қатысушылар мен қонақтарға ыстық тағам ұсынылды.