Филипп Жильбер велоспорттан әлем чемпионы атанды

Филипп Жильбер велоспорттан әлем чемпионы атанды

Кеше Голландияда аяқталған тас жолда өтетін велоспорттан әлем біріншілігінде қазақстандық велошабандоз Асан Базаев топтық жарысты 18-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

261 шақырымға созылған жарыста сәтті шабуыл ұстана білген Филипп Жильбер мәреге бірінші болып жетті. Күміс медаль норвегиялық Эдвальд Боассон Хагенге бұйырса, қола испандық Алехандро Вальверденің қанжығасында кетті.

Әлем біріншілігі. Топтық жарыс:

1. Gilbert Philippe (Бельгия)
2. Boasson Hagen Edvald (Норвегия)
3. Valverde Belmonte Alejandro (Испания)
4. Degenkolb John (Германия)
5. Boom Lars (Нидерланды)

Сурет: Vesti.kz

Дайындаған: Болат Қосмағамбет 

Б. Қосмағамбет