Қазақстандық боксшы қыз "Тақтар ойыны" сериалына түсуі мүмкін

Қазақстандық боксшы қыз "Тақтар ойыны" сериалына түсуі мүмкін
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық кәсіпқой бокстың шаршы алаңында өнер көрсететін Фируза Шарипова "Тақтар ойыны" сериалына түсуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы AllFight.Ru басылымына қазақстандық спортшының менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді. 

- Маған Голливудтан қоңырау шалып Фируза Шарипованың белгілі бір форматта видеоға түсіп, өздеріне жіберуін сұрады. Видеоролик "Тақтар ойыны" режиссерлеріне жіберілді. Бізді телеарна продюссерлерінің Фирузаға қызығушылық танытқаны қуантады. Әрине, біз видео түсіріп жібереміз және жақсы жауап күтетін боламыз. Сондықтан Фируза Шарипова жақын арада "Тақтар ойыны" сериалының жетінші маусымына түсуі мүмкін, - дейді Завилейский.

Осыған дейін, "Тақтар ойынына" UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың түсетіні де хабарланған еді.

Таяуда Фируза Шарипова бірден екі фильмге түсуге шақырғанын айтқан болатын.

Фируза Шарипова кәсіпқой бокста үш кездесу өткізді. 24 қыркүйек күні Иса Ақбербаев өткізген жекпе-жектің андеркартында сербиялық Милена Матовичті техникалық нокаутпен ұтқан еді. 

Ө. Сансызбай