Али Ахмедовтың қарсыласы ауысты

Али Ахмедовтың қарсыласы ауысты
Фото: vk.com

9 желтоқсан күні Польша жерінде кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізетін қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың қарсыласы ауысты.

21 жастағы отандасымыз латвиялық боксшы Эдуардс Герасимвспен жұдырықтасуы тиіс болған еді. Алайда жекпе-жекке 2 күн қалғанда қарсыласы алмасып отыр. Нәтижесінде Алиге беларусь боксшысы Владимир Харкевич қарсылас атанды. Ол кәсіпқой бокста жалпы тоғыз кездесу өткізіп, екеуінде нокаутпен жеңсе, алтауында жеңілген. Ал бір кездесуінде тең түскен. 

Али Ахмедов соңғы жекпе-жегін Алматыдағы Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы бокс кешінде өткізген еді. Әзірбайжандық Али Маммедовты бірінші раундта-ақ жеңіп шыққан болатын.

21 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста 4 кездесу өткізіп үлгерді. Оның барлығын уақытынан бұрын аяқтады.

Ө. Сансызбай