Шахматтан «Total open» блиц-марафонының ІІІ кезеңі өтті

Шахматтан «Total open» блиц-марафонының ІІІ кезеңі өтті
Фото: Chessdom

4 желтоқсан күні Дәрмен Садуақасов шахмат Академиясында үшінші «Total open» 2016 блиц-марафон кезеңі өтті. Жарысқа жалпы саны 29 шахматшы қатысты, оның ішінде 4 халықаралық гроссмейстер, 1 халықаралық шебер, 4 FIDE шеберлері сонымен қатар спорт шеберіне кандидаттар болды. 

Бірінші орынды халықаралық дәрежедегі гроссмейтер Нұрлан Ибраев алса, екінші орынды FIDE шебері Исабаев Диас, үшінші орынды халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Исмагамбетов Әнуар қанжығалады. Жастар арасындағы ең үздік ойынды 18 жасар Сәдубаев Айрат көрсетті. 

Еске сала кету керек, шахматтан «Total open» блиц-марафонының ІІІ кезеңі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған және 4 іріктеу кезеңінен, сонымен қоса ақтық сыннан тұрады: 

1 кезең – 27 қараша 2016 жыл, басталуы сағат 15:00 

2 кезең – 1 желтоқсан 2016 жыл, басталуы сағат 11:00 

3 кезең – 4 желтоқсан 2016 жыл, басталуы сағат 15:00 

4 кезең – 11 желтоқсан 2016 жыл, басталуы сағат 15:00

Ақтық кезең мен салтанатты жабылуы – 16 желтоқсан 2016 жыл, сағат 14:30 өтеді.

М. Ақан