Күз - махаббат айы! Шакира мен Пике тұңғыштарын күтуде

Күз  - махаббат айы! Шакира мен Пике тұңғыштарын күтуде

Әнші Шакира мен "Барселона" командасы мен Испания құрамасының қорғаушысы Жерар Пике тұңғыштарын күтіп отыр. Колумбиялық әнші өз сайтында осылай деп хабарлапты.

"Кейбіреулері біліп отырғандай, біз Жеррар екеуміз тұңғышымызды күтіп отырмыз. Сол үшін де өмірімізде орын алатын үлкен сәттің көзайым қуанышы үшін барлық белгіленген шаруалар мен іс-шараларды кейінге қалдырдық. Және осы себептен "iHeartRadio Music" фестиваліне қатыса алмаймын. Ең бастысы, жанкүйерлерімнің түсінігі мен махаббатына алғыс білдіргім келеді" - деп Шакира хабарлапты.

35 жастағы Шакира қазіргі таңда әлемдегі ең үздік әншілердің бірі әрі бірегейі болып саналады. Ал Жерар Пике екеуінің арасындағы таныстық 2010 жылдың күзінен басталған екен.

Ең қызығы сол, "Барселонаның" қорғаушысы он жасқа кіші... "Махаббат жасқа қарамайды" деген осы!

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига