Футзалдан УЕФА кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Футзалдан УЕФА кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтеді
Фото ©️ tengrinews.kz

Футзалдан УЕФА кубогының финалдық кезеңі саналатын «Төрттік финалы» Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы ресейлік басылымдарға сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

- Комитет мүшелері қазақстандық «Қайраттың» өтінішін қанағаттандырды. УЕФА кубогының «Төрттік финалы» 2017 жылдың сәуір айында Алматыда өтеді, - деді шағын футболдан Ресей қауымдастығының басшысы Эмиль Алиев.

Айта кетейік, УЕФА кубогының «Төрттік финалына» іріктеу 27 қараша күні аяқталған-ды. «Қайрат» Алматыда Италияның «Реал Риета» клубын 3:2 есебімен ұтса, кейінгі екі ойында топтағы қарсыластарына айқын басымдықтарын танытқан еді. Косовоның «Феникс» клубын 6:0 есебімен, Латвияның «Никарс» командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңіп финалдық кезеңге шықты.

«Қайрат» финалдық кезеңде Испанияның «Интер», Португалияның «Лиссабон» және Ресейдің «Газпром-Югра» клубтарымен кездеседі.