Атақты ағылшын футболшылары Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

О Сансызбай Корреспондент
Атақты ағылшын футболшылары Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады
Фото ©️ Angol focihírek

Атақты ағылшын футболшылары қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құтықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

Англия құрамасының бұрынғы жұлдыздары Тедди Шерингем, Эмил Хески және Дэвид Джеймс қатысқан құттықтау видеосын Қазақстанның Сингапурдегі елшілігі ұсынды. Роликте атақты спортшылармен қатар, Сингапурдың қарапайым азаматтары да құттықтау айтады. Белгілі футболшылардың құттықтауын роликтің соңына таман көруге болады.  

Тедди Шерингем - ағылшын футболшысы және жаттықтырушысы. "Тоттенхэм", "Вест Хэм Юнайтед" және "Манчестер Юнайтед" командаларында шабуылшы болған. 1993 жылдан 2002 жылға дейін Англия құрамасында ойнаған. 

Дэвид Джеймс - Англия құрамасының бұрынғы қақпашысы. "Вест Хэм" мен "Манчестер Сити" сапында өнер көрсеткен. 2001 жылы мансабын аяқтаған. Ал Эмил Хески Англия құрамасының 38 жастағы бұрынғы шабуылшысы, "Ливерпуль" сапындағы жарқын ойындарымен көзге түскен.