Мадияр Әшкеев жетінші жеңісіне қол жеткізді

Мадияр Әшкеев жетінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: vk.com

28 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев өзінің жетінші кездесуінде жеңіске жетті. Бұл туралы боксшының "вконтакте" желісіндегі парақшасы хабарлады.

АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвил қаласында болған кездесуде америкалық Маркус Бэкфордпен алты раундттық жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен ұтты. 

Бұл Әшкеевтің ұпай айырмасымен жеңген төртінші жеңісі. "Main Events" промоутерлік орталығында жаттығып жүрген қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте 327-орында тұр.

Ө. Сансызбай