«Қайрат» Италия чемпиондарын ұтты

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» Италия чемпиондарын ұтты
Фото ©️ vesti.kz

«Қайрат» футзал клубы Алматыда басталған УЕФА кубогының элиталық кезеңін жеңіспен бастады. Олар «А» тобындағы бірінші ойында Италия елінің чемпионы атанған «Реал Риета» клубын жеңді.

БӨЛІСУ

Какау жаттықтыратын қазақстандық клуб ойынның 3 минутында-ақ алға шықты. Алешандре Диваней гол авторы атанды. 16 минутта «Реал Риета» сапынан Джеффе таразы басын теңестірді. Дегенмен араға 53 секунд сала «Қайрат» қайта алға озды. Бұл жолы Дуглас гол авторы атанды.

Екінші таймда Италия чемпиондары кезекті рет таразы басын теңестірді. Дуглас өз қақпасына автогол соғып алды. Ойын соңында Алешандре Диваней 10 метрлік айып соққысын сәтті орындап, «Қайратқа» жеңіс сыйлаған голды соқты.

Топта өткен алғашқы ойында Латвияның «Никарс» клубы Косовоның «Феникс» клубын 4:3 есебімен ұтты. Ертең «Қайрат» «Феникспен» (20:30), «Реал Риета» «Никарспен» (18:00) кездеседі.