Қазақстан ұлттық құрамасы Данияға қарсы кеңейтілген құрамын жариялады

Қазақстан ұлттық құрамасы Данияға қарсы кеңейтілген құрамын жариялады
Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты ұлттық құрамамыздың 11 қараша күні өтетін Данияға қарсы кеңейтілген құрамын жариялады. Кеңейтілген тізімге 35 футболшы енген.

Бір қызығы, ұлттық құрамаға премьер-лигадағы 12 клубтың 11-інің ойыншылары шақырту алған. Тек «Атыраудан» ғана ойыншы енбеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу додасының аясындағы ойын Копенгагенде өтеді. Аталмыш кездесудің қарсаңында ұлттық құрамамыз бес күн Талғардағы базада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Сол жиыннан кейін Талғат Байсуфинов және Нүркен Мазбаев бастаған жаттықтырушылар алқасы Дания еліне аттанатын 23 футболшыны іріктеп алатын болады.

Кеңейтілген құра төмендегідей:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Самат Отарбаев («Ақтөбе»), Алмат Бекбаев («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Сергей Малый («Астана»), Дмитрий Шомко («Астана»), Гафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Елдос Ахметов («Ертіс»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Ренат Абдулин («Ордабасы»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Евгений Горячий («Шахтер»), Эльдар Әбдірахманов («Ақжайық»), Ілияс Әмірсейітов («Жетісу»).

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков («Астана»), Асхат Тағыберген («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Альмир Мухутдинов («Тобыл»), Санат Жұмаханов («Оқжетпес»), Мардан Төлебек («Ордабасы»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Айбар Нұрыбеков («Шахтер»), Руслан Валиулин («Ақжайық»), Рақымжан Розыбакиев («Ақжайық»), Жақып Қожамберді («Оқжетпес»), Әлішер Сүлей («Тараз»), Абзал Таубай («Тараз»), Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Тобыл»), Роман Муртазаев («Ертіс»), Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес»).

Қосалқы құрам:

Жартылай қорғаушы:  Станислав Лунин («Қайрат»).

Жаттықтырушылар алқасы: Талғат Байсуфинов - бас бапкер, Нүркен Мазбаев - аға жаттықтырушы, Юрий Новиков - жаттықтырушылардың қақпашысы, Андрей Ферапонтов - дене даярлығы бойынша жаттықтырушы.

2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Дания - Қазақстан кездесуі 11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні өтеді. Бұл кездесуді «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те көре аласыздар.

Ө. Сансызбай