Қазақстандық жас зілтеміршілерге әлем чемпионатында 1 қола ғана бұйырды

Қазақстандық жас зілтеміршілерге әлем чемпионатында 1 қола ғана бұйырды
Фото: wfrk.kz

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Малайзияның Пенанг қаласында өткен додаға еліміздің атынан 8 спортшы аттанған болатын. Бұйырғаны – 1 қола болды.

Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жүлдені 77 келіге дейінгі салмақта Евгений Ломанов жеңіп алды. Ол қос жаттығу қорытындысы бойынша 307 (140+167) келіні көтерді. Колумбиялық Эйсон Лопес (160+191) пен америкалық Харрсион Джеймс Маурусқа (145+167) жол беріп алды.

Қазақстандық ауыр атлеттердің барлығы алғашқы ондықтан көрінді.

Айта кетейік, 2015 жылы Перу астанасы  Лимада өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

 

Ө. Сансызбай