«Барыс» Астанада «Витязьды» 5:0 есебімен ойсырата ұтты

«Барыс» Астанада «Витязьды» 5:0 есебімен ойсырата ұтты
Фото: vk.com

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Барыс» Астанада «Витязьды» 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Осыдан екі күн бұрын қазақстандық клуб «Барыс Аренада» Мәскеудің «Динамосын» жеңген еді.

Қазақстандық клуб бірінші кезеңде-ақ 2:0 есебімен басымдыққа ие болды. 11 минутта Роман Савченко, араға 7 минут сала Кори Тривино шайба авторлары атанды. Ал екінші кезеңде «Барыс» хоккейшілері үш шайба соқты. Найджел Доус, Роман Старченко мен Кевин Даллмэн шайба авторлары атанды.

«Барыс» келесі ойынын да өз мұз айдынында 22 қазан күні Ярославльдың «Локомотив» клубына қарсы өткізеді.

Ө. Сансызбай