Василий Левит әуесқой бокстағы мансабын жалғастырады

О Сансызбай Корреспондент
Василий Левит әуесқой бокстағы мансабын жалғастырады
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит әуесқой бокстағы мансабын жалғастырады. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

28 жастағы боксшы спорт сайтына берген сұқбатында жақын уақытта кәсіпқой боксқа ауыспайтынын айта кеткен. Алдағы жоспарларымен бөліскен. Сондай-ақ, Василий арнайы жоба аясында Астана тұрғынымен өткізген кездесуінде де әуесқой бокста қалатыны туралы айтқан болатын.

- Мен әуесқой бокста бақ сынауымды жалғастыра беремін. Ата-анаммен, ұжыммен және басшылықпен ақылдаса келе осындай шешім қабылдадым. Әуесқой бокста әлі бағындырар белестерім бар. Одан кейін көре жатармыз, - деді боксшы.

Айта кетейік, Риодағы Олимпиада ойындарынан кейін Василий Левиттің кәсіпқой боксқа ауысуы туралы ақпараттар тараған болатын.