Денис Тен Словакиядағы халықаралық жарысқа қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тен Словакиядағы халықаралық жарысқа қатысады
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Словакиядағы «Ondrej Nepela Memorial» халықаралық турниріне қатысады. Отандасымыз бүгін қысқа бағдарламада жарыс жолына шығады.

БӨЛІСУ

24-ші рет ұйымдастырылып отырған доданың жеребесі тартылып, қазақстандық спортшы жарыста алтыншы нөмірмен өнер көрсететін болды. Додаға Жапония, Словакия, Беларусь, Канада, Чехия, Эстония, Ұлыбритания, Корея, Польша, Ресей, Швеция, Швейцария және АҚШ елдерінен ұзын саны 22 спортшы қатысады.

Еркін бағдарлама бойынша жарыстар ертеңге жоспарланған.