Черногория Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамын жариялады

Черногория Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамын жариялады
Фото: vesti.ru

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы 8 қазан күні түзде Черногориямен ойнайды. Бүгін отандастарымыздың қарсыластары құрамын жариялады.

Черногория мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын Подгорице қаласында өтеді. Бұдан кейін Черногория құрамасы Копенгагенге барып, 11 қазанда Дания құрамасымен кездеседі. Құраманың бас жаттықтырушысы Любиша Тумбакович осы екі ойынға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Олардың арасында 2012-2014 жылдар арасында «Астанада» ойнаған Дамир Кояшевич те бар.

Қақпашылар – Младен Божович («Зета»), Милан Миятович («Дечич»), Даниэль Петкович («МТК», Венгрия);

Қорғаушылар – Марко Баша («Лилль», Франция), Стефан Савич («Атлетико», Испания), Филип Стойкович («Мюнхен-1860», Германия), Жарко Томашевич («Остенде», Бельгия), Марко Симич («Хапоэль Тель-Авив», Израиль), Александар Шофранац («Риека», Хорватия), Эльсад Зверотич («Сьон», Швейцария), Ристо Радунович («Будучност»), Неманья Миюшкович («Вардар», Македония);

Жартылай қорғаушылар – Адам Марушич («Остенде», Бельгия), Неманья Николич («Хапоэль Тель-Авив, Израиль), Никола Вукчевич, Марко Бакич (екеуі де – «Брага», Португалия), Александар Шчекич («Генчлербирлиги», Түркия), Владимир Родич («Карабюкспор», Түркия), Марко Вешович («Риека», Хорватия), Владимир Болевич («АЕК Ларнака», Кипр), Дамир Кояшевич («Вардар», Македония»), Владимир Йовович («Напредак», Сербия), Марко Янкович, Небойша Косович (екеуі де – «Партизан», Сербия);

Шабуылшылар – Стефан Йоветич («Интер», Италия), Стефан Мугоша («Мюнхен-1860, Германия), Филип Раичевич («Виченца», Италия), Фатос Бечирай («Динамо Мәскеу», Ресей), Лука Джорджевич («Зенит», Ресей), Мирко Вучинич («Аль-Джазира», БАӘ).

Айта кетейік, осыған дейін Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да Черногория мен Румыния құрамасына қарсы ойнайтын құрамын жасақтаған болатын.  

Ө. Сансызбай