Месси жарақатына байланысты үш апта алаңға шықпайды

О Сансызбай Корреспондент
Месси жарақатына байланысты үш апта алаңға шықпайды
Фото ©️ fcbarcelona.com

Каталондық «Барселона» ойыншысы Лионель Месси команданың мадридтік «Атлетикоға» қарсы ойынында жарақат алып қалды. Бүгін клубтың ресми сайты аргентиналық футболшының алдағы үш аптада алаңға шықпайтынын хабарлады.

БӨЛІСУ

Лионель Месси «Атлетикоға» қарсы ойынның 55 минутында жарақат алған болатын. Оны Арда Туран алмастырған еді. Футболшы шап бұлшықетін жарақаттап алған.

«Барселонаның» үздік ойыншысы алдағы үш аптада ла лигада «Спортинг» пен «Сельтаға», Чемпиондар лигасында менхенгладбагтық «Боруссияға» қарсы ойнамайды. Сондай-ақ, Аргентина құрамасының 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Перу және Парагвай құрамаларына қарсы өткізетін ойынына қатыспайды.

Айта кетейік, кеше «Камп Ноуда» өткен «Барселона» мен «Атлетико» арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды.