Фируза Шарипованың қарсыласы кезекті рет ауысты

Фируза Шарипованың қарсыласы кезекті рет ауысты
Фото: vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың қарсыласы кезекті рет ауысты. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

- Өкінішке орай, біздің қарсыласымыз тағы өзгерді. 24 қыркүйек күні Фирузамен жұдырықтасуы тиіс болған София Путкарадзе жарақат алып, жекпе-жекке шықпайтын болды. Нәтижесінде жылдам жаңа қарсылас таптық. Фируза 24 қыркүйек күні 20 жастағы серб боксшысы Милена Матовичпен жұдырықтасатын болды.

Милена Матович әуесқой бокста ірі жетістіктерге жеткен. Сербия чемпионы, осы жылы Астанада өткен әлем чемпионатына қатысқан. Әрине, Фирузаның рейтингте жоғары тұрған, тәжірибелі боксшымен кездескенін қалаған едік.

Дегенмен серб қызына қарсы жекпе-жекті оңай өтеді деп айта алмаймыз. Ол өзге қарсыластарына қарсы дайындалған болатын. Десе де Фирузаның дайындығы жоғары. Кез келген қарсыласқа қарсы жекпе-жек өткізуге қауқары жетеді, - деді спортшының промоутері Сергей Завилейский.

Айта кетейік, 24 қыркүйек күні Фируза Шарипова кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Алғашында оның қарсыласы латвиялық Кристина Копан болған еді. Кейіннен «Boxrec» рейтингінде 23-орында тұрған София Путкарадзеге ауысқан-ды.

Ө. Сансызбай