Алматыда «Kazakhstan open» халықаралық гольф турнирі өтеді

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Алматыда «Kazakhstan open» халықаралық гольф турнирі өтеді
Фото ©️ massaget.kz

Алматы қаласындағы "Жайлау" гольф кешенінде 29 қыркүйек-2 қазан аралығында "Kazakhstan Open" турнирі өтеді. Аталған жарыста әлемнің әртүрлі елінен 132 спортшы бақтарын сынамақ. "Europen Challenge"  жарысы аясында ұйымдастырылып отырған 12-ші Халықаралық турнирдің бәйге құны 450 000 еуроны құрайды.

БӨЛІСУ

"Kazakhstan Open" турнирінің тағы бір ұтымды тұсы, осы жарыстан топ жарған спортшыларға European Tour гольф ойындарына қатысуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар жүлделі орыннан көріну үшін өткен төрт жылдың чемпиондары да осында келіп бақтарын сынайды. Үлкен турнирді ұйымдастырушылар спортшылар мен арнайы қонақтарға барлық жағынан ыңғайлы жағдай жасауды жете назарда ұстауда. 28 қыркүйек күні спортшыларды күтіп алу және жарыстың ашылу салтанаты өтеді.