Румыния құрамасының Қазақстанға қарсы ойнайтын футболшылары белгілі болды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Румыния құрамасының Қазақстанға қарсы ойнайтын футболшылары белгілі болды
Фото ©️ imgrum.net

11 қазан күні Астанада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Румыния құрамасымен кездеседі. 

БӨЛІСУ

Румыния құрамасы Армения (8 қазан) мен Қазақстанға (11 қазан) қарсы ойнайтын ұлттық құрама ойыншыларының кеңейтілген құрамын жария етті.

Тізім төмендегідей:

Қақпашылар: Чиприан Тэтэрушану («Фиорентина», Италия), Костел Пантилимон («Уотфорд», Англия), Силвиу Лунг («Астра»), Флорин Ницэ («Стяуа»);

Қорғаушылар: Кристиан Сэпунару («Астра»), Ромарио Бензар («Вииторул»), Валерикэ Гэман («Карабюкспор», Түркия), Космин Моци («Лудогорец», Болгария), Драгош Григоре («Аль-Сайлия», Катар), Алин Тошка («Стяуа»), Стелиано Филип («Динамо»), Габриэл Энаке («Стяуа»), Рэзван Рац («Райо Вальекано»), Ясмин Латовлевич («Карабюкспор», Түркия);

Жартылай қорғаушылар: Эрик Бикфалви («Томь», Ресей), Овидиу Хобан («Хапоэль Беэр-Шева», Израиль), Рэзван Марин («Вииторул»), Николае Станчу («Андерлехт», Бельгия), Александру Максим («Штутгарт», Германия), Александру Кипчу («Андерлехт», Бельгия), Адриан Попа («Стяуа»), Андрей Препелицэ («Ростов», Ресей), Дорин Ротариу («Динамо»);

Шабуылшылар: Богдан Станку («Генчлербирлиги», Түркия), Флорин Андоне («Депортиво», Испания), Клаудиу Кешеру («Лудогорец», Болгария), Денис Алибек («Астра»).

Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінің алғашқы ойынында поляк футболшыларымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түскен болатын. Енді олар келесі ойынын 8 қазан күні сырт алаңда Черногория құрамасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Польша, Дания, Албания, Румыния, Черногориямен бір топта ("Е" тобы) ойнайды. Әр топтың жеңімпазы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған құрама қосымша іріктеу жарысына қатысады