Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Тойың құтты болсын, толағай!

Тойың құтты болсын, толағай!

Тойың құтты болсын, толағай!

Олимпиадалық ойындардың екідүркін жеңімпазы Илья Ильин өзінің азаматтық некедегі жары Наталья Кулаковамен заңды некеге тұрды.

Үйлену салтанаты Алматының белгілі бір мейрамханасында өтті. Дәм толы дастарханы мен сән толы салтанатына толағай батырымыз тоқсан адамды шақырған екен.

Құрметті қонақтардың арасында президенттің кеңесшісі Қырымбек Көшербаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР спорт агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев, «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Ырзақұл Нұртаев және белгілі шенді депутаттар мен бизнесмендер болған.

Қазақстан Республикасы президентінің той иесіне деген құттықтау хатын салтанатты түрде Ахметжан Есімов оқып берді.

Естеріңізге сала кетсек, Илья мен Наталья көптен бері азаматтық некеде өмір сүріп келген болатын. 2009 жылы  олардың Милана атты қыздары дүниеге келген.

Өзінің азаматтық некедегі жұбайымен заңды түрде бас қосатыны жөнінде Илья тек отызыншы олимпиада ойындары өткен соң ғана жария қылды.

Массагет.кз порталының ұжымы Алаш елін әлемге танытқан алып азаматтың көтерген шаңырағына шаттық, береке тілейді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер ilyailyin.ru және Мурат Әбеновтың facebook-тағы парақшасынан алынды


5590 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2012, 12:36
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2012, 11:54

Ал енді не дейміз?! Екі жас бақытты болсын! Үбірлі-шүбірлі болып, арманнан арманға жете берсін. Әрқашанда бақытты болып, денсаулықтары мықты болып жүре берсін!

+0
10 қыркүйек 2012, 11:57

Аумин

+0
10 қыркүйек 2012, 11:56

Кіл ығай мен сығай деші қонақтары )) Құтты болсын! ;)

+0
10 қыркүйек 2012, 14:44

ығай мен сығай? ол қалай?

+0
10 қыркүйек 2012, 15:17

Құрметті қонақтардың арасында президенттің кеңесшісі Қырымбек Көшербаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов... деген сөйлемді оқып айтқаным ғой.

+0
10 қыркүйек 2012, 15:20

өңшең "шөпкетышарлар" мағынасында..

+0
10 қыркүйек 2012, 12:02

құтты болсын!

+0
10 қыркүйек 2012, 13:48

Құтты болсын!

+0
10 қыркүйек 2012, 15:31

Біз Бекеңді жібергенбіз, барлығымыздың атымыздан)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...