Қазақстан көшпенділер ойынында үшінші орын алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан көшпенділер ойынында үшінші орын алды
Фото ©️ vk.com

Қырғыз елі ұйымдастырған дүниежүзілік көшпенділер ойыны мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.

БӨЛІСУ

Көшпенділер ойынына алғаш рет қатысқан Қазақстан құрамасы 12 алтын 13 күміс 13 қола медаль еншіледі. Жалпыкомандалық есепте қырғыздар жеңімпаз атанды. Өз жерінде өткен жарыста олар 25 алтын 25 күміс 29 қола медаль жеңіп алды. Ал Түрікменстан құрамасы 15 алтын, 3 күміс, 6 қоламен екінші орыннан көрінді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 40 ел қатысты. Көкпар, тоғызқұмалақ, қырғыз күресі, ат шабыс, жорға салу, қыз қуу, т.б. көшпенділер спорты бойынша сынға түсті.

ІІІ дүниежүзілік көшпенділер ойыны екі жылдан кейін Стамбулда (Түркия) өтеді.