Месси Аргентина құрамасына жеңіс сыйлады (видео)

Месси Аргентина құрамасына жеңіс сыйлады (видео)
Фото: eurosport.ru

Әйгілі аргентиналық сұрмерген Лионель Месси ұлттық құрамасына қайта оралды. Қайта оралып қана қоймай, оның соққан голы командасына жеңіс сыйлады.

2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Аргентина құрамасы өз алаңында Уругвай құрамасына қарсы ойнады. «Мальвинас Аргентинас» стадионында өткен ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды 43 минутта Лионель Месси соқты.

Айта кетейік, Лионель Месси маусым айында командасының Америка кубогы финалындағы сәтсіздігінен кейін ұлттық құрамадағы мансабының аяқталғанын айтқан болатын.  

Ө. Сансызбай