ОҚО-да Жазира Жаппарқұл мен Галбадрах Отгонцэцэгке көлік мінгізді

О Сансызбай Корреспондент
ОҚО-да Жазира Жаппарқұл мен Галбадрах Отгонцэцэгке көлік мінгізді
Фото ©️ vesti.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Рио-Олимпиадасынан жүлделі оралған Жазира Жаппарқұл мен Галбадрах Отгонцэцэгке көлік сыйлап, пәтер кілттерін табыстады. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Ауыр атлетикадан күміс жүлдені иеленген Жазира Жаппарқұлға «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігі мен екі бөлмелі пәтердің кілті табысталса, дзюдодан қола еншілеген Галбадрах Отгонцэцэгке «Toyota Prado» мен бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады.

- Көптеген жеткіншектер сіздердің жетістіктеріңізді көріп, спорт үйірмелеріне барары рас. Сіздер Рио олимпиадасында өнер көрсетіп жүргенде барша жерлестеріміз жанкүйерлік танытып, күні-түні тілеулес болды. Сондықтан бұл сый-сияпатты бүкіл Оңтүстік жұртшылығының атынан берілген алғыс деп біліңіздер», - деді Б.Атамқұлов.

- Қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Мұндай сыйлықтар қашан да жағымды. Спортшылар үшін көрсетілетін қолдаудың маңызы жоғары. Жарақат алғанымда үлкен қолдау білдірдіңіздер. Соның арқасында медальға қол жеткіздім, - деді Жазира Жаппарқұл.