Ресейлік паралимпияшыларды 2018 жылғы Ойындарға қатыстырмайды

Ресейлік паралимпияшыларды 2018 жылғы Ойындарға қатыстырмайды
Фото: inform.kz

Ресейдің паралимпиялық комитеті Халықаралық паралимпиялық комитеттің ресейліктерді Рио-де-Жанейродағы Ойындарға жібермеу туралы шешімі Оңтүстік Кореяда 2018 өтетін паралимпиадаға да қатысты екенін атап өтті, - дейді ҚазАқпарат сайты.

Бұл туралы Ресей паралимпиялық комитетінің ұйымның ресми сайтында жарияланған хатында айтылған.

Халықаралық паралимпиялық комитет Ресей паралимпиялық комитетін біліктілігінен айырып, Ричард Маклеран басқарған Бүкіләлемдік допингіге қарсы агенттігі тәуелсіз комиссиясының баяндамасын қарау қорытындылары бойынша ресейлік спортшыларды 2016 жылғы Ойындарға қатысудан шеттетті.

Спорттық төрелік соты 23 тамызда ресейлік спортшыларды шектеуге аппелляцияны кейін қайырды.

Ресей Президенті Владимир Путин Ресей Риода өнер көрсету мүмкіндігінен айырылған паралимпиадшылар үшін арнайы жарыс өткізетінін мәлімдеді. 

Дерек көзі: inform.kz

B. ZHAQSYMBET