Қазақстан құрамасы мини-футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионы атанды (Видео)

Қазақстан құрамасы мини-футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионы атанды (Видео)
Фото: http://www.eurominifootball.com/

Мини-футболдан әуесқойлар арасындағы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды.

Доданың финалында Хорватия құрамасымен кездескен біздің команда кездесудің негізгі уақытында 2-2 есебімен тең ойнап, ойын соңындағы пенальтиде қарсыластарынан 6-5 есебімен басым түсті.

Бұл турнирге барлығы 32 команда қатысқан. Финалға жетер жолда Қазақстан құрамасы Чехия (3-0), Германия(1-1 (пенальти бойынша 3-2), Мажарстан (5-1), Черногория (3-1), Австрия (2-0) мен Латвия (3-1) командаларын ұтқан.

Y. Almabek