Алматыда өтетін Универсиаданың талисманы мен медальдары таныстырылды

О Сансызбай Корреспондент
Алматыда өтетін Универсиаданың талисманы мен медальдары таныстырылды
Фото ©️ tengrinews.kz

2017 жылы Алматыда Универсиаданың талисманы мен медальдары таныстырылды. Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Қысқы Универсиаданың дайындық және өткізу ісі жөніндегі дирекциясының жетекшісі Наиль Нұровтың айтуынша, бұл талисмандардың үшінші нұсқасы екен. Оны "Сұңқар" деп атап, малақай кигізіп, ұлттық нақыштағы оюы бар мойынорағыш таққан. Нұров талисманның жақсылықтың нышаны болуын сұңқар құсының қатаң сипатымен үйлестіру ең қиыны болғанын айтып отыр. "Егер одан ойыншық жасауға болса, талисман сәтті шықты деуге болады деген пікір бар", - деді дирекция басшысы. 

Мұнымен қатар, Нұров алау эстафетасы туралы айтып берді. Жстафета ерекше форматта өтеді. Оттың шығу салтанатын бір жерде емес, барлық облыс орталығында, Астана мен Алматыда 19 ЖОО-ның базасында өтеді екен. Отты жағу әдісін студенттер ойлап табады. Осыдан кейін әр аймақтан шыққан алау Алматыда кездеседі. Алау эстафетасы 2017 жылдың 25 қаңтарында басталады. 

Сонымен қатар, марапаттау медальдары таныстырылды. Олар метал ерітінділерінен классикалық мәнерде алтын, күміс және қолаға ұқсап жасалған. Медальдар Қазақстан теңге сарайында жасалған. Медальдың бетінде Халықаралық студенттер спорты федерациясының логотипі, ойындардың атауы және өтетін орны белгіленген. Ал кері бетінде Универсиаданың логотипі бар. Нұровтың айтуынша, FISU медальдарға EXPO логотипін қосуға рұқсат бермепті. 

Айта кетейік, жалпы универсиадада 12 спорт түрінен медальдың 86 жиыны сарапқа салынады.