Поль Погба «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Поль Погба «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды
Фото ©️ manutd.com

Танымал француз футболшысы Поль Погба ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубына ауысты. Бұл туралы клубты ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

23 жастағы футболшы мен манкуниандық клуб бесжылдық келісімшартқа қол қойды. Егер сәтті өнер көрсетіп жатса, команданың тағы бір маусым келісімді ұзартуларына мүмкіндігі бар.

Поль Погба үшін «қызыл сойқандар» таңсық клуб емес. 2009-2011 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтедтің» жастар құрамында ойнаған. Ересектер арасындағы құрамға үш рет қана шығып ойнаған. Кейіннен еркін агент ретінде туриндік «Ювентусқа» ауысқан болатын.

Футболшы өткен маусымда «Ювентус» сапында 49 ойынға қатысып, 10 гол соқты. Ұлттық құрамамен Еуропа чемпионатының финалына шықты.

Айта кетейік, биыл «Манчестер Юнайтед» құрамын күшейтуде. Жаңа маусымды Жозе бапкермен бастайтын манкуниандық клуб осыған дейін команда қатарына Эрик Байя, Златан Ибрагимович, Генрих Мхитарянды өз қатарларына қосқан еді.