Головкин менің соққымның қаншалықты ауыр екенін сезіп те жүрген жоқ - Брук

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Головкин менің соққымның қаншалықты ауыр екенін сезіп те жүрген жоқ - Брук
Фото ©️ static.guim.co.uk

Жартылай орта салмақта IBF сериясы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Келл Брук (36-0, 25 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді (35-0, 32 КО) жеңу үшін өзінің күші жететіндігіне сенімді.

БӨЛІСУ

"Геннадий Головкин менің соққымның қаншалықты ауыр екендігін елестете алмайды", - деп мәлімдеді Брук The Daily Mail басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, қазақстандықпен жұдырықтасу үшін ағылшын боксшысы екі санатты салмаққа көтерілуі тиіс болды. Ертеректе ол Головкинмен кездесу үшін көп ойланбағандығын мәлімдеген. Ол Головкин туралы "ғаламшардың ең қауіпті боксшысы", - деп те айтқан болатын.

Сонымен қатар, ол қазақстандық боксшыдан қорықпайтындығын және де екі салмақ категориясы бойынша чемпион атанатынын айтқан. Олардың жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында өтеді.

Дереккөз: tengrinews.kz