Рио олимпиадасының әнұраны шықты (Видео)

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Рио олимпиадасының әнұраны шықты (Видео)
Фото ©️ nbcnews.com

Ғаламтор бетінде Рио олимпиадасының ресми әнұранына айналатын әннің бейнебаяны жарыққа шықты. Тиагиньо мен рэпер Прожотаның орындауындағы "Alma e Coração" (Жаным мен жүрегім) атты әнді бүгінде көптеген адам тыңдап, өздерінің жағымды пікірлерін қалдырған. Роликте бразилиялық жастардың әртүрлі спортпен шұғылданып, жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатқаны көрсетілген. 

БӨЛІСУ

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 5-21 күндері аралығында Бразилия астанасы Рио-де-Жанейро қаласында жазғы олимпиада оиындары  өтеді. 301 рекордты медальдар сарапқа салынып, бірінші рет 206 елден келген спортшылар өз бақтарын сынайтын болады. Аталған ойынға біздің елдің намысын қорғайтын отандастарымыз да барады.