Головкин Қарағандыда көмір байыту өндірісін ашады

Нұрбол Нұрмаханұлы Корреспондент
Головкин Қарағандыда көмір байыту өндірісін ашады
Фото ©️ tengrinews.kz

WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин кәсіби рингте тапқан табысын еліміздің экономикасына инвестициялайды, − деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

БӨЛІСУ

Телеарнаның мәліметінше, Қарағандыда көмір байыту өндіріс орны ашылады. Айта кетейік, кәсіпорынның негізін салушылар − жергілікті кәсіпкерлер мен "Самұрык-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры. Сонымен қатар, телеарнаның мәліметінше, 5 шілдеде жаңа өндіріс орны таныстырылады. 150 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Ал зауыттың қуаты − жылына 500 мың тонна көмір.

"Маған бұл ой мүмкін біздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Барлығын соқ та, елге орал" деп айтқан соң келген шығар. Яғни, Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысымен Қазақстанға инвестициялауға шешім қабылдадым. Өз Отаның үшін жақсылық жасау керек, яғни қажетті нәрсені беру керек",  деп келтірді Головкиннің сөзін телеарна.

Дереккөз: tengrinews.kz