Месси ұлттық құрамадағы үшінші финалын жеңіліспен аяқтады

Месси ұлттық құрамадағы үшінші финалын жеңіліспен аяқтады
Фото: vk.com

Футболдан Америка кубогы доп додасы мəресіне жетті. Шешуші ойында Чили құрамасы ойын соңындағы пенальтиде Аргентина құрамасын ұтып кетті.

Қос құрама негізгі уақыт пен қосымша кезеңде де жеңімпазды анықтай алмады. Есеп ашуға бірнеше мүмкіндіктері болғанмен, нəтижені өзгерте алған жоқ. Ал бас төреші екі құрамадан да бір-бір ойыншыны қатаң жазалап, алаңнан қуды. Алаңнан ойыншының қуылуы – өзге футболшылардың да жүйкесіне əсерін тигізді.

Ойын соңындағы пенальти сериясында Аргентина құрамамы сапында Месси мен Билья қателесті. Ал Чили құрамасы сапынан Артуро Видаль пенальти орындай алмады.

Лионель Месси ұлттық құрама сапында қатарынан үшінші финалын сəтсіздікпен аяқтады. Аргентиналық сұрмерген 2014 жылы əлем чемпионатының, 2015 жылы Америка кубогының финалында жеңіліп қалған болатын.

Аргентина 0:0 (2:4 пен.) Чили

Пенальти: 0:0 — Видаль (қақпашы), 0:0 — Месси (қақпадан биік), 0:1 — Кастильо. 1:1 — Маскерано, 1:2 — Арангис, 2:2 — Агуэро, 2:3 — Босежур, 2:3 — Билья (қақпашы), 2:4 — Сильва.

Ө. Сансызбай