Қазақстандық теннисшілердің «Уимблдондағы» қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің «Уимблдондағы» қарсыластары анықталды
Фото: eurosport.ru

27 маусым күні теннистен «Үлкен дулыға» санатына енетін «Уимблдон» халықаралық турнирі басталады. Ел намысын қорғайтын қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева ресейлік Марина Мельниковамен ойнайды. Ярослава Шведова неміс теннисшісі Юлия Гергеспен, Зарина Дияс та неміс елінің теннисшісі Анна-Лена Фридзаммен кездеседі. Ал ерлер арасында ел намысын қорғайтын Михаил Кукушкин жарысты словак теннисшісі Мартин Клижанға қарсы ойынмен бастайды.

Айта кетейік, 27 маусым күні басталатын жарыс 10 шілде күні аяқталады. Өткен жылы бұл додада ерлер арасында серб Новак Джокович, әйелдер арасында Серена Уильямс жеңіске жеткен болатын.

Ө. Сансызбай