Владимир Седов шығарған даудың видеосы жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
Владимир Седов шығарған даудың видеосы жарияланды
Фото ©️ vesti.kz

94 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың Талдықорғандағы ел чемпионатында оғаш мінез танытып, жарысқа қатыспағаны туралы жазған болатынбыз. Жаңа ғана tengrinews.kz сайты даулы оқиғаның видеосын жариялады.

БӨЛІСУ

Видео барысында Владимир Седов ресейлік ауыр атлет Александр Ивановтың суреті салынған жейдені киіп шығып, шеше сала жанкүйерлерге лақтырғанын, және лақтырған бойда «Міне, нағыз Олимпиада чемпионы!» - деп айқайлағанын анық байқауға болады. Бір қызығы, спортшының жейдесіндегі спортшы 2012 жылғы Олимпиадада Илья Ильинге қарсылас атанып, күміс медаль иеленген.