Валентина Хальзова Қазақстанға үшінші алтын медальды сыйлады

Валентина Хальзова Қазақстанға үшінші алтын медальды сыйлады
Фото: kfb.kz

Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Валентина Хальзова әлем чемпионы атанды. Отандасымыз финалда қытайлық Гу Хонды жеңді.

Аспан асты елінен келген боксшы бірінші раундта сәтті өнер көрсетіп, Валентинаны жеңіп шықты. Ал екінші раундта қазақстандық боксшы ширақ қимылдап, қарсыласын қыспаққа ала білді. Үшінші раундта отандасымыз бірнеше дәл соққысын дарытып, алға шықты. Шешуші раундта Валентина сыр берген жоқ. Жаттықтырушылары айтқан жүйені ұстанып, жеңіске жете білді. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына үшінші алтын медальды салды.

Айта кетейік, осыған дейін Назым Қызайбай мен Дина Жоламан әлем чемпионы атанса, Жайна Шекербекова (51 келі) мен Айжан Ходжабекова (57 келі) қола жүлдені қанағат тұтқан еді. Алда Ләззәт Күнгейбаева (81 келі) чемпиондық атаққа таласатын болады.  

Ө. Сансызбай